Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағында өрттің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

13:01, 4 сәуір 2026

© Сурет: Zakon.kz

Қарағанды облысында, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрттің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің таралу қаупін азайту және табиғи экожүйені сақтау мақсатында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен ұлттық парк қызметкерлері бірлесіп, құрғақ шөптерді өртеп тазарту және жер жырту жұмыстарын атқарды.

"Бұл алдын алу шаралары Қарағанды облысының барлық аудандарында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ борышымыз!", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Астанада "Шайтан дөңгелек" аттракционы отқа оранғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!