Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
© Фото: zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанның үш ірі мегаполисі бойынша 2026 жылғы 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. "Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райының күрт нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
- 5 сәуір: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +13...+15°С.
- 6 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +15...+17°С.
- 7 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +19...+21°С.
Алматы
- 5 сәуір: аспан бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, күндізгі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +22...+24°С.
- 6 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, күндізгі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +24...+26°С.
- 7 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, күндізгі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.
Шымкент
- 5 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с, кей тұстағы екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +20...+22°С.
- 6 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +26...+28°С.
- 7 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с, кей тұстағы екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +17...+19°С.
Бұған дейін синоптиктер бүгін, 2026 жылғы 4 сәуірде еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 4 сәуір 2026
Алматыда адамдарға шабуылдаған шетелдік жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты
-
17:53, 4 сәуір 2026
«Жаңбыр жауып, бұршақ түседі». Жексенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 4 сәуір 2026
Ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды
-
16:53, 4 сәуір 2026
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті
-
15:54, 4 сәуір 2026
Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысты маңызды мәлімдеме жасалды





