Бокстан АЧ-2026: Оразбек Асылқұлов та жартылай финалға шықты

09:24, 4 сәуір 2026

© Сурет: pixabay

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақ боксшысы Оразбек Асылқұлов (60 кг) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ширек финалда отандасымыз жапон боксшысы Шунсукэ Китамотомен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, ол жарақатына байланысты рингке шығудан бас тартқан. Осылайша, Асылқұлов Қазақстан қоржынына кемі қола жүлде салып отыр.

Айта кетсек, Ұлан-Батордағы Азия чемпионаты 30 наурызда басталып, 10 сәуірде өз мәресіне жетеді. Жарысқа барлығы 115 ер және 79 қыз боксшы қатысуда.

Бұған дейін өзбекстандық қарсыласын жеңген Махмұд Сабырхан жартылай финалға өткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!