Жарақатынан кейін алаңға оралған Роналду гол соғып, бірден дубль тіркеді
© Сурет: Instagram/alnassr
4 сәуірге қараған түні Сауд Арабиясы чемпионатының 27-турында "Әл-Наср" өз алаңында "Әл-Наджма" клубын қабылдап, 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Құрама капитаны Криштиану Роналду өз мансабындағы 966-ншы және 967-нші голын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Криштиану Роналду 56-минутта пенальтиден гол соқса, 73-минутта ол әріптесінің берген пасын алыс бұрышқа дөп соқты.
Бұл – Роналдудың жарақатынан кейін өткізген алғашқы ойыны. Португалдық шабуылшы бұған дейін жамбасын ауыртып алған болатын. Ол Испанияда емделді. "Әл-Наср" осы жеңістің нәтижесінде 70-ші ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінің бірінші сатысына нық жайғасты.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:06, 4 сәуір 2026
Боксшы Ертуған Зейнуллинов та жартылай финалға жолдама алды
-
13:01, 4 сәуір 2026
Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағында өрттің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде
-
12:49, 4 сәуір 2026
Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді
-
12:03, 4 сәуір 2026
Алматыда танымал бренд атауындағы жалған өнімдер тәркіленді
-
11:24, 4 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 4 сәуір





