Алматыда танымал бренд атауындағы жалған өнімдер тәркіленді
© Сурет: gov.kz
Алматы қаласы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде әлемге танымал брендтердің тауар белгілерін заңсыз пайдалануды анықтау және оның жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы полиция департаментімен (Киберполиция) бірлесіп жүргізілген тексеру барысында Nesquik тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша қала аумағында тіркелген тауар белгісімен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану арқылы өнімдер өткізілген.
"Нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы құны 4 миллион теңгеден асатын 2000-нан астам заңсыз өнім тәркіленді. Сондай-ақ Алматы қаласы Әділет департаментімен жоспардан тыс тексеру шеңберінде Louis Vuitton тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Өнімдердің сапасының төмен екені және заңнама талаптарын бұза отырып сатылғаны белгіленді. Заңсыз айналымнан жүздеген контрафактілік өнім тәркіленді. Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа жолданды", делінген хабарламада.
Әділет органдары жүргізіп отырған жұмыс адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауға және контрафактілік әрі әлеуетті қауіпті өнімдердің айналымының алдын алуға бағытталған.
Бұған дейін Қарағандыда полиция ірі көлемдегі контрафактілік өнімнің таралуына жол бермегені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:06, 4 сәуір 2026
Боксшы Ертуған Зейнуллинов та жартылай финалға жолдама алды
-
13:01, 4 сәуір 2026
Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағында өрттің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде
-
12:49, 4 сәуір 2026
Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді
-
11:48, 4 сәуір 2026
Жарақатынан кейін алаңға оралған Роналду гол соғып, бірден дубль тіркеді
-
11:24, 4 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 4 сәуір





