Бүгін Алматы мен еліміздің тағы алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

09:33, 4 сәуір 2026

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Синоптиктер 2026 жылғы 4 сәуірде Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 4 сәуірде Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде зиянды (ластаушы) заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүруді шектегені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары 2026 жылғы 4–6 сәуір аралығына арналған еліміздің үш ірі қаласы бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!