Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысының жартылай финалында ойнайды
![](https://mail.kz/images/925efdbc056c14b831f458fa075383c2-slider.jpg)
© Сурет: ktf.kz
Бүгін, 22 мамырда қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысының екінші айналымында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Франция ашық чемпионатында көптен бері өнер көрсетіп келе жатқан 36 жастағы қазақстандық теннисшінің іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 151-ракеткасы, швейцариялық Леандро Ридимен жолы түйісті.
Тәжірибесі мол Кукушкин сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта көп қинала қойған жоқ — 6:4, 6:3.
Бүгін Михаил Кукушкин іріктеу турнирінің финалына шығу үшін әлемнің 215-ракеткасы, Аустралия өкілі Ли Тумен таласады.
Ол дүниежүзілік рейтингіде өзінен он саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Оливер Кроуфордты тартысты матчта тізе бүктірді — 6:7 (4:7), 6:4, 6:2.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:19, 16 маусым 2024
Асу Алмабаев UFC-де жеңіске жетті
-
17:50, 15 маусым 2024
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті
-
17:20, 15 маусым 2024
Өскемендік әйел саусағынан сақинаны шеше алмай, әбден қиналған
-
17:06, 15 маусым 2024
Астанада тағы бір көшеде қозғалыс шектелді
-
16:59, 15 маусым 2024
Құймақтан уланған: Павлодарда санитарлық нормаларды сақтамаған кәсіпкер айыппұл төлейтін болды