Таразда болған жарылысқа не түрткі болғаны анықталды
© Сурет: Тараз қаласы әкімдігі
Тараз қаласының әкімдігі ықшам аудандардың бірінде болған жер асты жарылысына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, 22 маусымда сағат 21:41 кезінде Қарасу ықшам ауданындағы 26-шы үйдің подъезі алдында асфальтты жабыны жарылып, салдарынан электр жарығы сөнді.
Ең бірінші басқа келген - газ құбырының жарылуы деген долбар нақтыланбады.
"Қалалық газ шаруашылығы қызметі газталдау құрылғысымен зерттеп, ол жерден газ құбыры өтпейтінін және газ жарылмағаны жөнінде қорытынды жасады".
Өзге коммуналдық қызметтер де өз желілерін зерттеп, жасалған қорытынды нәтижесінде кеше сағат 21.44 кезінде Тараз қаласы "Самал" ықшам ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық "Рысбек" қосалқы станциясындағы 414 ұяшықтан тартылып, № 10-шы тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жерасты кабелі істен шыққаны белгілі болды.
"Апатты жағдайда электр жарығының өшуі кезінде ұяшық автоматты түрде ажырап, жерасты кабелі де электр қуатынан ажыратылған. Бұл 110/6 кВ-тық электр кабелі оқиға болған жерден өтеді. Сағат 22.47-де жарықсыз қалған 10 ықшам ауданда резервті желілермен электр қуаты қалпына келтірілді", делінген әкімдік хабарламасында.
Апаттық жағдай болған жерасты кабелі тоқтан ажыратылып, қауіпсіз жағдайға келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетсек, 22 маусымда түнде Таразда жер асты жарылысы болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 28 қыркүйек 2024
Ұрып-соғып, жүк салғышқа итеріп жіберген: Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кеткен
-
17:15, 28 қыркүйек 2024
Тұман, үсік, жел: синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:43, 28 қыркүйек 2024
Астанадағы кафеде газ баллон жарылып, алты адам зардап шекті
-
16:13, 28 қыркүйек 2024
Қазақстаннан ер адам Өзбекстанға үш метрлік питонды алып өтпек болған
-
15:46, 28 қыркүйек 2024
Астанада иесіз қалған үй өртеніп кетті