Әмір Маймұратов олимпиада лицензиясын жеңіп алды

09:12, 23 маусым 2024

© Сурет: ҚР ТСМ баспасөз қызметі

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының өкілі Әмір Маймұратов Будапешттегі (Венгрия) іріктеу турнирінен сәтті өтті. Осылайша ол жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадалық жолдаманы қоржынға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы жылдамдық бойынша финалға жетіп, күміс жүлде иеленді.

Шешуші сында ол қытайлық У Пэнге есе жіберді.

Айта кетелік, іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрды. Біріншісі Шанхайда, екіншісі Будапештте өтті.

Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке ену керек.

Айта кетсек, Маймұратов таяуда ғана 15 метрлік биіктікке өрмелеп Қазақстанның рекордын орнатқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!