Тоқаев тәртіп сақшыларын Полиция күнімен құттықтады

10:03, 23 маусым 2024

© Сурет: Ақорда

2024 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Презизенттің құттықтау сөзінің мәтінін Ақорда жариялады.

"Құрметті полиция қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, "Заң мен тәртіп" қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.

Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!".

Айта кетсек, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді де кәсіби мерекесімен құттықтаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!