«ALI деп қашап жазған». Помпейге барған Қазақстан азаматы вандализм күдігімен ұсталды

12:24, 23 маусым 2024

© Сурет: Помпей археологиялық саябағы/Италияның мәдениет министерлігі/Euronews

22 маусымда, сенбі күні таңертең қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Италияның Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйіндегі ашық түсті тас қабырғаға ALI әріптерін қашап жазып жатқан жерінен қазақстандық туристі ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туристің қылғаны туралы карабиньерлерге хабарланды және келтірілген залал бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін одан сұрақ-жауап алынатын болады, деп жазады Euronews.

Саябақ директоры Габриэль Цухтригель туристің қабырғаны қалыпқа келтіру үшін ақы төлеуіне тура келетінін айтты.

"Жедел әрекет еткен министрлік қызметкерлері мен Алесяға рақмет. Карабиньерлермен ынтымақтаса жақсы жұмыс істеді, біз оларға алғыс айтамыз", — деді Цухтригель.

1913-1914 жылдар аралығында қазып салынған Цеев үйі - соңғы самниттік кезеңдегі (б.з. д. II ғасыр) ежелгі сирек кездесетін баспаналардың бірі. Бұл мұнда магистрат Луций Ция Секундус тұрған деседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!