Астанада көпқабатты тұрғын үй жертөлесінде орналасқан дәмхана өртенді

17:42, 23 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

2024 жылы 23 маусымда Астана қаласында көпқабатты тұрғын үйдің жертөле қабатында орналасқан дәмханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, елордалық құтқарушылар өрт кезінде бір оттегі баллонын сыртқа алып шықты.

"Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", делінген ведомство хабарламасында.


Айта кетсек, 23 маусымда бір күн бұрын Астанада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы маңында өртенген Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешені тұрғындарымен қала әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті. Әкім залал көлемін есептеу үшін арнайы комиссия құрылатынын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!