Грекия демалуға барған Қазақстанның 13 азаматы отшашу атамын деп орманды өртеп жіберген

14:15, 23 маусым 2024

© Сурет: pronews.gr

Грек елінің билігі яхтадан отшашу атқан 13 адамды тұтқындады, өйткені оның шоғы Афины маңындағы аралдағы орманға түсіп, өрт шыққан. Бірнеше грек бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, өртке түрткі Қазақстан азаматтары болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кінәлілерге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 200 000 евро көлемінде айыппұл төлеу жазасы қарастырылған, деп жазады Guardian газеті.

Ресми тұрғыда күдіктілер туралы ақпарат тарамады. Алайда грек бұқаралық ақпарат құралдары аралдың бір бөлігін өртеп жіберген отшашуды Қазақстаннан келген туристер атқанын жазады. Makeleio.gr басылымы "Қазақстаннан келген бір топ шал-шауқан" Грецияда келіп, ойына келгенін істегісі келген, сөйтіп Гидраны (арал атауы - шамамен) өртеп жібере жаздады" деп жазыпты. Skai.gr деген тағы бір басылым Қазақстаннан келген туристердің яхтаны жалға алуға ғана қатысы барын, қазір олардың босатылғанын жазады.


Pronews.gr сайтының мәліметінше, туристер бастапқыда өртті өз беттерінше сөндіруге тырысқан, ал қолынан ештеңе келмейтіндерін білгенде олар өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Zakon.kz редакциясы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен ресми сауал жолдады.

Сондай-ақ, 22 маусымда Помпейге барған Қазақстан азаматы вандализм күдігімен ұсталды. Ол Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйіндегі ашық түсті тас қабырғасына ALI әріптерін қашап жазған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!