Еуро-2024: Роналду Түркияға қарсы ойын барысында бірден 4 рекорд орнатты

11:45, 23 маусым 2024

© Сурет: Instagram/portugal

Футболдан Португалия құрамасының шоқ жұлдызы өз жанкүйерлері мен әлемдік футбол мамандарын әлі де таң қалдырып келеді. Еуро-2024 чемпионатының ІІ-турында, яғни Түркияға қарсы матчтан соң 39 жастағы футболшы турнир рекордын 4 позиция бойынша жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Португалия құрамасының капитаны түріктермен болған ойын басынан бастап алаңға шығып, Еуропа чемпионаттарында өз құрамасы сапында қатарынан 19 матч өткізген тарихтағы алғашқы футболшы болды.