Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының жартылай финалында ойнайды

17:03, 22 мамыр 2024

© Сурет: ktf.kz

Бүгін, 22 мамырда қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының екінші айналымында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция ашық чемпионатында көптен бері өнер көрсетіп келе жатқан 36 жастағы қазақстандық теннисшінің іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 151-ракеткасы, швейцариялық Леандро Ридимен жолы түйісті.

Тәжірибесі мол Кукушкин сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта көп қинала қойған жоқ — 6:4, 6:3.

Бүгін Михаил Кукушкин іріктеу турнирінің финалына шығу үшін әлемнің 215-ракеткасы, Аустралия өкілі Ли Тумен таласады.

Ол дүниежүзілік рейтингіде өзінен он саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Оливер Кроуфордты тартысты матчта тізе бүктірді — 6:7 (4:7), 6:4, 6:2.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!