Мәжілісмендер кірістерді жылыстату саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелерін қарады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәжіліс депутаттары ҚМА өкілдерімен кездесу аясында кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда Агенттіктің талдамалық құралдарды қолдану мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратынша, Парламенттің төменгі палатасының мүшелерімен кездесуде АЖ/ТҚҚ саласындағы заңнаманың ФАТФ стандарттарына сәйкестік мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ, Агенттік өкілдері мен Мәжіліс депутаттары елдің ұлттық заңнамасына әзірленген түзетулерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
"Депутаттарға халықаралық стандарттар мен ұсынымдардың талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік беретін қауіпсіз қаржылық ортаны қамтамасыз етуге және заңнаманы бұзу тәуекелдерін азайтуға бағытталған ҚМА жобалары мен бастамалары таныстырылды",- делінген ҚМА ақпаратында.
Агенттік ұсынған инновациялық жобалар елдің кірістерді жылыстатуға қарсы жүйесінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар АЖ/ТҚҚ саласында тиімді заңнамалық шешімдерді енгізу үшін Агенттікпен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Бұған дейін Тоқаевтың Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелерін тағайындағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:44, 26 желтоқсан 2024
Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауна әкімшісі сотталды
-
16:35, 26 желтоқсан 2024
Жетісулықтар Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр
-
16:23, 26 желтоқсан 2024
Қызылордада полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ге жуық жүргізушіге көмек көрсетті
-
16:10, 26 желтоқсан 2024
Денсаулық сақтау министрлігіне адам саудасымен күресу бойынша бірқатар функциялар жүктелді
-
15:59, 26 желтоқсан 2024
Қазақстанда «Google салығы» бернеше есе артық төленген