Димаш Құдайберген Перудің әйгілі әншісі Ева Айльонмен кездесті
© Сурет: dimashnews.com
Лимада өтетін жеке концерті қарсаңында Димаш Құдайберген Latin Grammy арнайы сыйлығына ие болған Перудің танымал әншісі Ева Айльонмен (Eva Ayllón) кездесті. Бұл марапат әншінің музыка өнеріне қосқан ерекше үлесі үшін берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жылы жүздесуде өнер иелері пікір алмасты. Ева Айльон Димашқа шығармашылығына және алдағы концерттеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол қазақстандық әншіге өз әндері жазылған, қолтаңбасы қойылған дискіні сыйға тартып, тұмар тарту етті және ақ батасын берді.
Ева Айльон көп жылдан бері Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті. Екі әнші алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Нью-Йоркте кездескен. Сол кезде Димаш Barclays Center аренасында жеке концертін өткізген еді. Перулік әнші қазақстандық өнер иесімен жүздесу үшін тіпті өз концертінің уақытын ауыстырған.
Сол кездесуде Ева Айльон Димаштың шығармашылығымен өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірінде, анасынан айырылғаннан кейін танысқанын айтқан. Әншінің сөзінше, Димаштың орындауындағы S.O.S. композициясы оған жан күйзелісін еңсеріп, музыкадан қайта қуаныш табуға көмектескен.
Арада жеті жылға жуық уақыт өткенде өнер иелері бұл жолы Ева Айльонның туған жерінде қайта жүздесті.
Айта кетейік, 1 желтоқсанда Лимадағы Costa 21 алаңында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы жеке концерті өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:47, 28 қараша 2026
28 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:00, 28 қараша 2026
Тоқаев Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
10:50, 28 қараша 2026
Қостанай облысының тұрғыны кек алу үшін көлік өртеп, түрмеге қамалмады
-
10:11, 28 қараша 2026
Астанада бір тәулікте 100-ден астам жол апаты болды
-
09:13, 28 қараша 2026
Синоптиктер 28 қарашада үш қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті





