Боксшы Өнер Сейілхан әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды

18:57, 28 қараша 2026
MKZ: 1580266

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековтен басым түсті.

Осылайша, Өнер Сейілхан кем дегенде қола жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова да (57 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!