Мәсімовтың үйі өтпей жатыр

16:50, 25 ақпан 2025

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың үйі сатылмай қалды.

Зәулім баспананың бастапқы құны 1 млрд 800 млн теңге деп аукционға қойылған еді.

Бәссауда бүгін таңғы сағат 10:00-де өтті.

Үй барлық жиһазымен және тұрмыстық техникасымен бірге сатылымға шығарылған.

Алайда баспанаға қызыққандар табылмады, деп жазады qazaqstan.tv.

Аукционды "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ұйымдастырды.

Ережеге сәйкес, бұл актив біршама уақыттан кейін құны 15 пайызға арзандатылып, бәссаудаға қайта шығарылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!