Мемлекеттік тапсырысты өңірлік БАҚ-та орналастыру ережесі бекітілді
© Фото: freepik
Мәдениет және ақпарат министрінің м. а. 2024 жылғы 6 қарашадағы бұйрығымен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс мынадай субъектілер түрлеріне беріледі:
- мерзімді баспасөз басылымдарына;
- теле -, радиоарналарға;
- интернет-басылымдарға.
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырушы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы болып табылады;
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары үшін ұйымдастырушы облыс бойынша бірыңғай өңірлік тапсырысты орналастырады.
Ұйымдастырушы уәкілетті орган бекітетін үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны құрады.\
Ұйымдастырушы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған бірыңғай тізбесін қалыптастырады және жыл сайын 20 қарашадан кешіктірмей оны Өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырушға жыл сайын 10 қазанға дейін ұсыныстарын жолдайды.
Өңірлік комиссия ұйымдастырушының ұсыныстары негізінде жыл сайын 20 желтоқсанға дейін өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған тізбесін Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) қарауына жібереді.
Республикалық комиссия жыл сайын, 25 желтоқсанға дейін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған тізбесін қарайды және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары тізбесінің өзектілігі жөнінде, мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттары және оның республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне сәйкестігі жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Өңірлік комиссия өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі жөнінде ұсыныстар алған кезде оған өзгерістер енгізеді және жыл сайын, 10 қаңтарға дейін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған тізбесін бекітеді және бекітілген өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары тізбесінің көшірмесін уәкілетті органға жібереді.
Өңірлік комиссия күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатының басым бағыттарын ескере отырып, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды Республикалық комиссияның қарауына енгізеді.
Республикалық комиссия ұсыныстарды алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарайды және ұсыныстар әзірлейді.
Өңірлік комиссия өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі жөнінде ұсыныстар алған кезде, оны алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне өзгерістер енгізеді және бекітілген өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары тізбесінің көшірмесін уәкілетті органға жібереді.
Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында оны орналастыру күніне дейін он бір жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын қоса бере отырып, өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарды орналастырады.
Өңірлік тапсырысқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабар орналастырылғаннан кейін келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінімді, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
Үміткер қоса берілген құжаттардың төлнұсқалығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды. Егер өтінім бар конвертте оны берген адам туралы ақпарат, сондай-ақ пошталық мекенжайы көрсетілсе, ұйымдастырушы аталған өтінімді үміткерге қайтарады.
Үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды.
Құжаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
Бұйрық 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 26 желтоқсан 2024
15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті
-
14:08, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатының орнынан тікелей бейнелер таратқан блогер жұртшылықтың наразылығын тудырды
-
13:55, 26 желтоқсан 2024
Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып қайта сайланды
-
13:42, 26 желтоқсан 2024
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
-
13:34, 26 желтоқсан 2024
Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды