Мемлекет басшысы Үкіметке жоспарланған қуат көздерінің толық іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды

13:06, 10 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында "таза" көмір өндірісі мен электр қуаты жайлы мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында Үкіметке екі айдың ішінде "таза" көмір өндірісі бойынша Ұлттық жоба әзірлеуді тапсырғанын еске алды.

"Осы бағытта Қытайдың тәжірибесін ерекше атап көрсетуге болады. Олар "таза көмірден" жалпы көлемі 55 гигаватт болатын 85 энергетикалық блок салу жұмысын бастап кетті. Бұл – әлем бойынша көмірден алынатын энергия көздерінің 90 пайызы деген сөз. Бір сөзбен, көршілес ел шын мәнінде тиімді, яғни энергетикалық қауіпсіздік және экономикалық өсім тұрғысынан пайдалы шешім қабылдап отыр. АҚШ та көмір игеру және оны пайдалану саясатына көшетін болды". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, ұлттық электр желісінің сенімді жұмыс істеуіне баса назар аудару қажет.

"Үкіметке келесі жылдың соңына дейін Оңтүстіктегі электр желілерін дамыту жобаларын жүзеге асыру тапсырылады. Сондай-ақ Батыстағы қуат жүйесін еліміздің бірыңғай ұлттық энергия жүйесімен біріктіруге тиіс. Заманауи цифрлық тәсілдерді енгізбесек, электр қуатын үнемдеу қиын, энергия жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі екіталай. Осы салада жасанды интеллект көмегімен онлайн-мониторинг жүргізуді жедел қолға алған жөн".Мемлекет басшысы

Бұған дейін президент цифрлық даму үдерісін жеке сектормен тығыз байланыста қараған жөн екенін айтқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!