Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрімен кездесу өткізді
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті.
Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.
Президент екі елдің экономикалық ықпалдастығының келешегін жоғары бағалады. Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 пайызға ұлғайып, 110 миллион доллардан асқан.
Қасым-Жомарт Тоқаевтің пікірінше, аталған көрсеткішті әлі де арттыра түсуге болады. Әсіресе, сауда-саттық көлемін аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен ұлғайтуға мол мүмкіндік бар.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында екі ел үкіметтері арасындағы байланысты жандандыруды ұсынды.
Ынтымақтастықты жандандыратын саланың бірі – туризм.
Таиланд Қазақстан азаматтары үшін ең танымал бағыттардың қатарына кіреді. Өткен жылдың өзінде бұл елге 150 мыңнан аса отандасымыз барған.
Қазақстан да Таиланд азаматтарына демалыстың бірегей мүмкіндіктерін, соның ішінде қысқы туризм қызметін ұсына алады.
Анутин Чарнвиракул елінің өзара мүддеге сай көптеген мәселе бойынша ықпалдастықты арттыруға ниетті екенін мәлімдеді Оның айтуынша, Бангкок экономика, сауда, цифрландыру және туризм салаларындағы әріптестікке тың серпін беру қажет деп санайды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Анутин Чарнвиракулды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:14, 17 шілде 2026
4 тонна алтын құрамды материал мен қару-жарақ: Қазақстанда жасырын цех анықталды
-
16:02, 17 шілде 2026
17 шілдедегі саудада Ресей рублінің бағамы 6 теңгеден төмен түсті
-
15:45, 17 шілде 2026
Респонденттердің 75,1%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын екенін айтты
-
15:38, 17 шілде 2026
Құрылтай депутаттарын сайлауды байқаушылар тізімі жаңа кандидаттармен толықты
-
15:26, 17 шілде 2026
Камбоджа премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты еліне шақырды





