Қазақстандық балуандар Венгриядағы рейтингтік турнирде алты медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Будапештте (Венгрия) күрес түрлерінен рейтингтік турнир басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың алғашқы күні еркін күрестен алты салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының балуандары алты медаль жеңіп алды.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Асыл Айтақын финалда Түркия өкілі Толга Озбекті жеңіп, алтын медаль иеленді. Осы салмақта Әділет Әлмұхамедов қола жүлдеге қол жеткізді.
74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов финалға дейін жетті. Алайда шешуші белдесуде Қытай балуаны Фэн Луға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Қола медальді Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін) және Начын Куулар (65 келіге дейін) еншіледі.
Бүгін, 16 шілдеде, бозкілемге еркін күрестен 79, 92, 97 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелеріндегі балуандар шығады. Сонымен қатар әйелдер күресінің өкілдері де жарысты бастайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:15, 11 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Болгарияда өткен U19 әлем чемпионатында B финалында өнер көрсетті
-
20:56, 11 тамыз 2026
Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғайды
-
20:32, 11 тамыз 2026
Су добынан әйелдер арасында ел үздіктері анықталды
-
19:33, 11 тамыз 2026
Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
-
17:33, 11 тамыз 2026
Ауыр атлетика: Ксения Прозорова жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды





