Атырау облысында әкім ауысуы мүмкін

16:36, 16 шілде 2026
MKZ: 1556491

© Сурет: gov.kz

Атырау облысында әкім ауысуы күтілуде. Қазіргі таңда бұл қызметті Серік Шәпкенов атқарып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімнің ауысуы туралы ақпарат 2026 жылғы 16 шілдеде Атырау облыстық мәслихатының сайтында жарияланған хабарландырудан белгілі болды.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес, Атырау облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру жөніндегі жиналысы 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 09:30-да Атырау қаласында өтеді", – делінген хабарламада.

Жиналыс Абай атындағы Оқушылар орталығының ғимаратында өтеді.

Серік Шәпкенов 1979 жылғы шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000–2001 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылымдарында қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалану, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы салаларында түрлі қызметтер атқарды.

Сондай-ақ:

  • 2012 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары болды;
  • 2015–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды;
  • 2016–2018 жылдары Атырау қаласының әкімі болды;
  • 2018–2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды;
  • 2020–2021 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды;
  • 2021 жылдан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.
  • 2022 жылғы 7 сәуірде Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!