17 шілдедегі саудада Ресей рублінің бағамы 6 теңгеден төмен түсті

16:02, 17 шілде 2026
MKZ: 1556701

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 17 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 469,83 теңгені құрап, 2,24 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 5,97 теңгеге дейін төмендеді (-0,09 теңге).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 69,38 теңгені құрап, 0,43 теңгеге арзандады.

Ал айырбастау пункттерінде доллар 470,2–472,4 теңге аралығында саудалануда, еуро 537,4–542,9 теңгеден, Ресей рублі 5,68–5,82 теңгеден саудаға түсуде.

Сонымен қатар, 17 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы өсті.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,02 долларға қымбаттап, 84,25 АҚШ долларына жетті.

Ал Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі де 0,02 АҚШ долларына өсіп, 78,97 АҚШ долларын құрады.

Еске салсақ, таңертең Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ долларының ресми бағамын 472,34 теңге, еуроны 541,25 теңге, ал Ресей рублін 6,01 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!