Құрылтай депутаттарын сайлауды байқаушылар тізімі жаңа кандидаттармен толықты
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 2026 жылғы 17 шілдеде өткен ОСК отырысында Құрылтай депутаттарын сайлауды байқаушылардың жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігінен ОСК-ға аккредиттеуге 4 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 16 байқаушының кандидатурасы ұсынылды.
"Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан 1 кандидатура – Польша сенаторы Каземир Клейна, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан 6 кандидатура, оның ішінде Ассамблеяның жауапты хатшысы Поспелов мырза, ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 1 кандидатура", – деді Мұхтар Ерман.
Сонымен қатар, Грузиядан 2 бақылаушы, оның ішінде Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландарешвили ұсынылды. Ираннан 2 кандидатура, оның ішінде Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар ұсынылды. Швециядан 2 кандидатура, оның ішінде Швецияның Қазақстандағы елшісі Стефан Эриксен ұсынылды. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасынан 2 бақылаушы келуі мүмкін.
Бұған дейін ОСК Құрылтай сайлауына алғашқы партиялық тізімді тіркегенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 15 тамыз 2026
Атырауда колонияға тыйым салынған затты тағам арасына жасырып өткізбек болғандар ұсталды
-
18:37, 15 тамыз 2026
Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды
-
16:37, 15 тамыз 2026
Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына түсті
-
15:37, 15 тамыз 2026
Бұршақ, дауыл және аптап ыстық: 16 тамызда елде ауа райы қандай болады
-
15:29, 15 тамыз 2026
Канье Уэст концерті 15 тамыз күні сағат 21:00-де өтеді





