Мемлекет басшысы Палестина президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті
© Сурет: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 8 желтоқсанда Палестина президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасын талқылады.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді.
Палестина басшысы Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:30, 15 қаңтар 2026
Ауа райының бұзылуына байланысты Алматыда 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылады
-
10:24, 15 қаңтар 2026
Қазақстанда алғаш рет итке жамбас-сан буынын ауыстыру отасы жасалды
-
10:14, 15 қаңтар 2026
Қазақстанда цифрлық демократия қалыптасуда – Мәулен Әшімбаев
-
10:03, 15 қаңтар 2026
Жезқазғанда құтқарушылар ауқымды жарылыстың алдын алды
-
09:58, 15 қаңтар 2026
Мәулен Әшімбаев: Бір палаталы Парламент – өкілдік демократияны нығайту жолы





