Дженсен Хуанг Nvidia компаниясына оралды
© Сурет: Instagram/nvidia
Америкалық технологиялық алпауыт Nvidia компаниясының бас директоры қызметіне Дженсен Хуанг қайта тағайындалды. Ол сондай-ақ компания президенті және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтеріне оралды. Мұндай шешімді компанияның директорлар кеңесі бүгін, 23 қарашада қабылдады.
Компанияның сайтында хабарланғандай, шешім қабылдау барысында директорлар кеңесі АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерінен ақпарат алған. Осы мәліметтерге сүйене отырып, кеңес Хуангты қызметіне қайта тағайындау ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірмейді деген қорытындыға келген.
Дженсен Хуанг өз кезегінде әлемдегі ең маңызды технологиялық компаниялардың біріне қайта басшылық ету өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтты.
"Ең алдымен, отбасымның махаббаты мен қолдауы үшін алғыс айтамын. Жұмысқа қайта кірісуді асыға күтіп жүрмін", – деді Дженсен Хуанг.
12 қарашада Nvidia компаниясы Хуангтың 30 жыл бойы басшылық еткен компаниясындағы бас директор, президент және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кеткенін жариялаған еді.
Дженсен Хуанг Nvidia компаниясынан кеткеннен кейін "Дженсенді қайтарыңдар!" (Bring Jensen Back) атты ашық петиция жарияланды. Оны қолдағандардың қатарында Илон Маск пен Epic Games басшысы Тим Суини де болды. Nvidia компаниясының көптеген қызметкері де негізін қалаушының қайта оралуын қолдады.
2026 жылғы 17 қарашада Хуанг X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Nvidia компаниясына қайта оралуға дайын екенін жазды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:45, 23 қараша 2026
Көкшетауда есірткі қоймасының қызметкерінен 300-ден астам түйіншек табылды
-
18:42, 23 қараша 2026
Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтағы халықаралық турнирде тағы екі медаль иеленді
-
18:17, 23 қараша 2026
Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды
-
18:03, 23 қараша 2026
Айбек Сыдықов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
-
17:45, 23 қараша 2026
Жамбыл облысы экс-әкімінің түрмеден босатылуына қатысты дау шықты





