Ақтөбеде туысына заңсыз пәтер берген бұрынғы шенеунік сотталды
© Фото: pexels
Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жандос Әлімов қайын апасына тұрғын үй кезегін айналып өтіп, пәтер рәсімдеп бергені үшін 6 жылға сотталды. Бұған қоса, ол заңсыз жекешелендірілген баспананың құны ретінде 9,4 млн теңгені әкімдікке қайтаруы тиіс.
Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2023 жылы болған. Сол кезде тұрғын үй қатынастары бөлімін басқарған Жандос Әлімовтің қайын апасы оған өтінішпен жүгінеді. Ол тұрғын үй қорынан берілген пәтерде тұрған атасының қайтыс болғаны туралы куәлікті көрсетіп, баспананы өз атына аударуды сұраған.
Алайда тексеру барысында қайын апасының да, оның атасының да бұл пәтерге ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Екеуі де тұрғын үй кезегінде тұрмаған.
Соған қарамастан, Жандос Әлімов қызметтік өкілеттігін пайдаланып, комиссия отырысының хаттамасын қолдан жасаған. Кейін пәтерді басқа баспанамен ауыстыру туралы шешім қабылдап, 2024 жылы оны жекешелендіру мәселесін комиссия қарауына ұсынған. Комиссия мүшелері құжаттарға сеніп, пәтерді жекешелендіруге рұқсат берген. Сол жылы шенеуніктің қайын апасы баспананы 5 млн теңгеге сатып жіберген.
Сот отырысында Жандос Әлімов өзіне тағылған айыпты мойындамады. Іс бойынша Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет те куәлік берді. Оның айтуынша, бөлім басшысы комиссия отырысына қажетті құжаттардың барлығын өзі дайындап әкелген. Ал қайын апасына қатысты нақты мәліметтер есінде жоқ екенін жеткізген. Құжаттарды әзірлеу мен комиссияға ұсыну бөлім басшысының міндеті болғандықтан, жауапкершілік те соған жүктелетінін айтқан.
Сот Жандос Әлімовті Қылмыстық кодекстің 361-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұған дейінгі үкімімен бірге жазасы 6 жыл болып белгіленді. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар сот Ақтөбе қаласы әкімдігі аппаратының азаматтық талабын толық қанағаттандырды. Бұрынғы шенеунік заңсыз жекешелендірілген пәтер үшін 9,4 млн теңге төлеуге міндеттелді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:04, 23 қараша 2026
Конькимен жүгіру: қазақстандық спортшылар екінші әлем кубогының кезеңінде қалай өнер көрсетті
-
19:41, 23 қараша 2026
Жамбыл облысында үш күнде іздеуде жүрген 16 адам ұсталды
-
19:30, 23 қараша 2026
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары кімдер
-
19:25, 23 қараша 2026
Павлодардағы №3 жылу электр орталығының аумағында өрт шықты
-
19:19, 23 қараша 2026
Дженсен Хуанг Nvidia компаниясына оралды





