Мемлекет басшысы Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Еуразияның заманауи көлік-логистикалық жүйесін қалыптастыруды жеделдетуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының пікірінше, ШЫҰ елдерінің өзара географиялық байланысы ұйымның басты стратегиялық артықшылықтарының бірі саналады.
Президент Қазақстанның "Бір белдеу, бір жол" мегажобасын Транскаспий халықаралық көлік бағытымен, Солтүстік – Оңтүстік дәлізімен, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Азиядағы перспективалы сауда жолдарымен ұштастыруға ерекше мән беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік саласындағы бастамаларды ШЫҰ кеңістігінде ілгерілетуге дайын екенін жеткізді. Ол үшін кеден рәсімдерін цифрландыру, электрондық құжаттарды өзара тану, "жасыл дәліз" қағидатын және басқа да заманауи тетіктерді енгізу қажет.
"Бұл ретте ШЫҰ-ның Бірыңғай транзиттік цифрлық платформасын құру тиімді тәсіл болар еді. Ол үйлесімді цифрлық шешімдер негізінде жүктің жөнелту пунктінен соңғы алушыға дейін кедергісіз жеткізілуіне мүмкіндік береді", – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы нормативтік-құқықтық базаны нығайту үшін ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі көлік байланысы стратегиясын әзірлеп, қабылдауды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа технологиялық жүйе қалыптастыруды тағы бір басым бағыт ретінде атады. Оның айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы ШЫҰ елдерінен өзгерістерге бейімделуді ғана емес, озық шешімдер ұсынуды да талап етеді.
Президент ұйымға мүше мемлекеттердің ғылыми және инновациялық әлеуеті мол екеніне назар аударды. Сондықтан тәжірибе алмасумен шектелмей, технологияларды бірлесіп әзірлеу, мамандардың құзыретін арттыру және жасанды интеллект экожүйесін жүйелі түрде қалыптастыру қажет.
Мемлекет басшысы биыл Қазақстан Қытайдың бастамасымен құрылған Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының (WAICO) негізін қалаушылардың бірі болғанын атап өтті.
"Ұйымға мүше елдердің жетекші университеттері, ғылыми мекемелері және технологиялық компанияларының қатысуымен ШЫҰ аясында Жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент ШЫҰ-ны реформалау мәселесі әлі де өзекті екенін айтып, бұл жұмысты ұйымға мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарына жүктеуді ұсынды.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ШЫҰ аясындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеруге барынша күш салуға дайын екенін мәлімдеді.
"Өзара сенім мен ықпалдастықтың арқасында біз бұдан да биік белестерді бағындыратынымызға кәміл сенемін. Еліміз осы жолды бірге еңсеруге әзір", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 1 қыркүйек 2026
Қазақстан халқының саны артты: нақты көрсеткіш жарияланды
-
12:55, 1 қыркүйек 2026
БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың өліміне қатысты не белгілі
-
12:46, 1 қыркүйек 2026
ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды
-
12:31, 1 қыркүйек 2026
Тоқаев ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін Қазақстанда орналастыруға дайын екенін мәлімдеді
-
12:28, 1 қыркүйек 2026
Қазақстан президенті Еуразиядағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс айтты





