Қазақстан президенті Еуразиядағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс айтты
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 1 тамызында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қырғызстанның ұйымға табысты төрағалық еткенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан қырғыз тарапының ШЫҰ-ның бірлігін нығайтуға және оның сан қырлы әлеуетін ашуға бағытталған жұмысын жоғары бағалайтынын жеткізді.
"Бүгінгі отырыстың қорытындысы ШЫҰ-ның халықаралық беделін одан әрі көтеріп, қызмет тиімділігінің артуына және жаһанның құбылмалы жағдайында нақты стратегиялық мүдделердің қалыптасуына септігін тигізетініне сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұдан кейін "Шанхай ондығына" кіретін мемлекеттердің бәрі үшін айрықша маңызы бар басым бағыттарға тоқталды. Соның бірі – қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту.
Мемлекет басшысының айтуынша, ШЫҰ құрамына Еуразиядағы ірі мемлекеттер кіреді. Сондықтан қалыптасып келе жатқан жаңа әлемдік тәртіптің сипаты көбіне осы елдердің ұстанымына байланысты болмақ. Бұл ұйымға ерекше жауапкершілік жүктейді.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Еуразия құрлығындағы стратегиялық тұрақтылық пен сенім шаралары жөніндегі ШЫҰ конференциясын министрлер деңгейінде өткізуді ұсынды.
"Аталған іс-шараның күн тәртібінде әскери тәуекелдерді азайту, қарулану жарысын тежеу және қауіпті оқиғалардың алдын алу мәселесін талқылауға болады", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыстардың салдары соғыс жүріп жатқан аймақтардан тыс жерлерге де таралып, халықаралық нарықтарға, коммерциялық кеме қатынасына, сондай-ақ тұрақты энергетикалық және көлік байланыстарына кері әсер етіп жатқанына назар аударды. Сонымен қатар дағдарыстардың трансшекаралық сипат алу қаупі күшейгенін айтты.
Президент терроризм, экстремизм және сепаратизммен күрес ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл қауіптер трансұлттық қылмыспен, есірткі тасымалымен, заңсыз қару айналымымен және киберқауіптермен тығыз байланысты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталықты және ШЫҰ-ның Есірткіге қарсы орталығын құру мақсаттары мен міндеттерін қолдайтынын жеткізді.
"Бұл құрылымдардың қызметі мемлекеттеріміздің құзырлы органдары арасындағы іс-әрекетті үйлестіруді жаңа деңгейге көтеріп, осы бағыттағы бірлескен жұмыстың нәтижесін жақсартатынына сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 1 қыркүйек 2026
Қазақстан халқының саны артты: нақты көрсеткіш жарияланды
-
12:55, 1 қыркүйек 2026
БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың өліміне қатысты не белгілі
-
12:46, 1 қыркүйек 2026
ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды
-
12:34, 1 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды
-
12:31, 1 қыркүйек 2026
Тоқаев ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін Қазақстанда орналастыруға дайын екенін мәлімдеді





