Мексикадағы WTA 500 турнирі: Қазақстанның бірінші ракеткасы финалға шықты

09:38, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: Х/CaravanInfo_NA

Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева жұбы Гвадалахар қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт украиналық Валерия Страхова мен испандық Ивон Реймерске қарсы ойын өрнегін көрсетті.

Кездесу 64 минутқа созылды.

Бірінші сетте Данилина мен Хромачева қарсыластарын 6:1 есебімен жеңді. Екінші сетте қарсыластар жұбы шапшаң қимылдап, есепті теңестіруге тырысты, бірақ 6:4 есебімен бұл ретте де жеңілді.

Бүгін сағат 21: 00-де финалда Анна Данилина мен Ирина Хромачева ресейлік теннисші Камилла Рахимова мен Грузия өкілі Ольга Калашниковамен кездеседі. Жартылай финалға шығар алдында Данилина мен Хромачева жұбы Катаржина Питер (Польша)/Фанни Столларды (Венгрия) 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!