Масқара! «Бек Эйр» бір ұшақтың құрамдас бөлшектерін басқасына орнатып, үнем жасаған
"Бек Эйр" бір ұшақтың құрамдас бөлшектерін алып, басқа ұшаққа орнатып отырған. Оған қаражаттың жетіспеушілігі және ескі ұшақ үшін қажетті бөлшекті табудың қиындығы себеп болған. Алматыда 12 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан кейін тексеріс бастаған "Авиациялық әкімшілігінің" алғашқы нәтижелері осындай, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ қозғалтқыштан оның жұмыс уақытын көрсететін сериялық нөмірлер туралы ақпарат белгілерін алып тастаған. Осылайша оның неше жыл жұмыс істегенін де анықтау мүмкін емес. Әуе компаниядағы кадр мәселесі де өзекті тұрған көрінеді.
"Бек Эйр" АҚ кадрларын даярлау мәселесі ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені құжаттарды тексеру барысы қауіпсіздік бойынша оқыту және оларды компаниядағы есепке алу мәселелерінде елеулі кемшіліктер орын алған. Бұл ретте барлық экипаждар ұшақты дұрыс пайдалануды тиісті түрде үйренуі үшін кадрларды даярлау процесін жақсарту үшін шаралар қабылдау қажет. Қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр. Ол аяқталғаннан кейін авиакомпания 10 күн ішінде әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету жоспарын ұсынуы тиіс. Егер заңбұзушылықтар жарты жыл ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды
-
22:49, 17 желтоқсан 2025
«Қарлы боран тұрады». 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:14, 17 желтоқсан 2025
Түркістан облысында көпір қирады
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған көпбалалы ана сотталды
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте көпбалалы ана сотталды





