Марқұм павлодарлықтан коронавирус бірден анықталмаған

10:07, 3 маусым 2020

Павлодарда зейнеткер коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Марқұм - 1935 жылғы, артериялық гипертензиямен дәрігер есебінде тұрған. 26 мамырда оның дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырған.

Оны үйге келіп қарайтын мобильді бригада дәрігер қарады. Оған ЖРВИ диагнозы қойылып, ем тағайындалды. COVID-19 бойынша анализ тапсырылып, ол теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Павлодар-онлайн.

28 мамырда әйел адам жедел жәрдем бригадасымен пульмонология бөліміне жеткізілді. Ауруханаға келіп түскенде науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды, жөтел, әлсіздік, 39,5 градусқа дейін ыстығы болды. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылды, кейіннен жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

31 мамырда науқастан COVID-19-ға тағы анализ алынды, 1 маусымда бұл диагноз расталды. Әйел жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қабылдау кезінде оның жағдайы өте ауыр болды, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп, мамандардың кеңесі ұйымдастырылды. Емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған хаттамаларға сәйкес жүргізілді. Көрсетілген барлық ем-дом шараларына қарамастан 1 маусымда сағат 05.05-те науқастың биологиялық өлімі тіркелді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Бұл - өңірдегі СOVID-19 науқастары арасында тіркелген төртінші кісі өлімі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!