Марат Қожаев Ішкі істер министрлігіндегі қызметінен Сенатқа ауысты

09:17, 4 қазан 2024

© Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қожаевты Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қол қойған тиісті құжаттар 2024 жылғы 4 қазанда Ақорда сайтында жарияланған:

  • Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!