Полиция есірткі сатумен айналысқан шымкенттікті құрықтады
© Фото: Zakon.kz
Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 30 жастағы тұрғынды қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адам марихуананы сатып алушылармен жеке кездесіп, қолдан қолға сатқан.
Есірткі таратушы жұмысын күдікті ғаламтордан тапқаны анықталды. Ол есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, кіші дозаларға бөліп, өткізген.
Полицейлер оны кезекті дозаларды таратуға шыққан кезінде ұстады.
Ер адамның сөмкесінен 11 есірткі орамасы, ал пәтерінен марихуана салынған пластик ыдыс табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.
Қазіргі таңда күдікті қамауда. Есірткі өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:02, 3 қазан 2024
Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады
-
17:47, 3 қазан 2024
Ақмола облысында ер адам орманнан қайыңның 40 көшетін ұрлап кеткен
-
17:36, 3 қазан 2024
Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді
-
17:16, 3 қазан 2024
Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті
-
17:08, 3 қазан 2024
Қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей Франциядағы турнирде топ жарды