Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен кәсіпкердің құқықтары қорғалған

09:53, 4 қазан 2024

© Фото: freepik

Бұланды ауданы прокуратурасының Мобильді тобына ұйымның банктік шотын бұғаттау мәселесі бойынша ЖШС басшысы жүгінді.

Тексеру жүргізу кезінде бақылау органы ЖШС-ні тағайындау, тексеру нәтижелері туралы актілермен, сондай-ақ шығарылған нұсқамамен таныстырмағаны анықталды.

Бұдан әрі тексеру материалдары банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жолымен 20-еселенген салықты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін мемлекеттік кіріс органдарына жіберілді.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылды және күші жойылды, 700 мың теңгеден астам сомаға 20-еселенген салық бойынша ақшалай қаражат қайтарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!