Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен тұрғындар газсыз қалды

10:19, 4 қазан 2024

© Фото: freepik

Ақтөбеде спиртті ішімдік ішкен әйелдің кесірінен 550-ден астам пәтер көгілдір отынсыз қалды.

Оқиға бүгін, таңғы сағат 6:30-да болған. "Мерседес" көлігімен келе жатқан 39 жастағы келіншек газ құбыры өтіп жатқан шұңқырға түсіп кеткен.

Жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Сараптама нәтижесі оның ішімдік ішкенін көрсетті. Көлік құбырды зақымдап, сол маңдағы сегіз үй көгілдір отынсыз қалды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шұңқырды әкімдіктің рұқсатымен жеке компаниялардың бірі қосымша газ құбырын тарту үшін қазғаны анықталды.

"Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өткізілген сараптамаға сәйкес, автокөлік жүргізушісі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Осы дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді." Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!