Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады

18:02, 3 қазан 2024

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұрат Нұртілеу:

  • министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді;
  • Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады;
  • БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.

Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!