Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды
© Фото: Zakon.kz
Есірткі зертханасы Әуезов ауданының жеке секторында орналасқан. Кеше кешке криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізді.
Нәтижесінде қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырған 36 жастағы ер адам ұсталды.
Атап айтқанда, жылыжай қызметін атқарған үйден 270 түп қарасора, 3 бөшке иісі бар сұйықтық, 3 қап тыңайтқыш, 17 қышқыл ерітіндісі, тамақ таразысы, 23 жарықтандыру шамы және т.б. зертханалық құрал-жабдықтар табылды.
"Технолог" қылмыстық әрекетін мойындады. Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Спикердің айтуынша, заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Сонымен қатар есірткіні өндіруге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды, сондай-ақ сусынды тарату арнасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 4 қазан 2024
Қазақстанда шетелдіктер үшін визаның жаңа түрлері енгізіледі
-
13:11, 4 қазан 2024
Ерлан Карин: Атом электр станцияларына қатысты референдум науқаны Қазақстан тарихындағы ең ұзақ шара
-
12:56, 4 қазан 2024
Президент онлайн сот отырыстары жұрттың сот жүйесіне сенімін нығайтқанын айтты
-
12:45, 4 қазан 2024
Мемлекет басшысы соттардың қызметін одан әрі жетілдірудегі басым міндеттерге назар аударды
-
12:33, 4 қазан 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезінде сөз сөйледі.