Маңғыстаудағы сарбаздың өлімі: марқұмның әкесі Қорғаныс министріне үндеу жасады

15:18, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Маңғыстау облысындағы полигонда қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министрлігі басшысына видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол оқиғаның жан-жақты тергелуін талап етіп отыр және мұның оқыс жайт екеніне сенбейді.

Ресми нұсқа бойынша, лейтенант тапаншасынан рұқсатсыз оқ атқан кезде 19 жастағы сарбаздың бетіне тиген.

Сарбаз ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

"Ақтауға бара жатырмын. Жалғыз ұлымның бетіне тапаншадан оқ атты. Бұл оқыс жайт емес. Қарудың атылуы үшін патронды оқтамадан шығарып қана қоймай, оны сақтандырғыштан шығарып, шүріппесін басу керек. Мұндай кездейсоқ бола салмайды, - дейді қаза тапқан сарбаздың әкесі.

Ескерту, видеода балағат сөздер бар!

Еске салайық, Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, "өлім қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу салдарынан болған". Қылмыстық іс қозғалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!