Маңғыстауда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Ақтау қаласы мен Шетпе ауылында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған екі азамат анықталды. Алғашқы құқық бұзушылық Ақтау қаласының 20А шағын ауданында тіркелді.
Таңғы уақытта Nexia автокөлігін басқарған 24 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар ол жауапкершіліктен жалтару мақсатында көлік басқаруды басқа адамға бермек болған.
Алайда полиция қызметкерлері екінші азаматтың көлік тізгініне отыруына жол бермей, автокөлікті тоқтатты. Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Екінші құқық бұзушылық Шетпе ауылында тіркелді. Таңғы уақытта көлік құралын басқарған 19 жастағы, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруға жол бермеуге шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:32, 27 қараша 2026
Алматыда қоқыс арасынан аңшы мылтығына ұқсас зат табылды
-
15:24, 27 қараша 2026
Алматы маңында ерекше табиғи құбылыс анықталды: мәңгі тоң мүк астында сақталған
-
15:15, 27 қараша 2026
Астанадағы қарақшылық шабуылға күдікті 10 жылдан кейін Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
-
14:56, 27 қараша 2026
Қазақстандықтар тауарды бөліп төлеуге қанша ақша алады: нарыққа талдау
-
14:46, 27 қараша 2026
Астанада бұрқасын соғып, аяз 13 градусқа дейін күшейеді, Алматыда тұман түсіп, жаңбыр мен қар жауады





