Қазақстандықтарға жемқорлық туралы хабарлағаны үшін ақша төленеді

20:53, 26 қараша 2026
MKZ: 1579951

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға қанша сыйақы берілетінін түсіндірді. Былтыр 61 адамға жалпы сомасы 24 млн теңге төленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство бұл туралы 2026 жылғы 26 қарашада арнайы бейнеролик жариялап, мәлімдеді. Сыйақы мөлшері құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты белгіленеді:

  • әкімшілік құқық бұзушылық үшін – 30 АЕК (129 750 теңге);
  • онша ауыр емес қылмыс үшін – 40 АЕК (173 000 теңге);
  • ауырлығы орташа қылмыс үшін – 50 АЕК (216 250 теңге);
  • ауыр қылмыс үшін – 70 АЕК (302 750 теңге);
  • аса ауыр қылмыс үшін – 100 АЕК (432 500 теңге).

Егер пара сомасы немесе келтірілген залал 1 000 АЕК-тен (4 325 000 теңге) асса, хабар берушіге оның 10 пайызы төленеді.

Сыйақының ең жоғары мөлшері – 4 000 АЕК.

Ақша алу үшін азаматтар сот актісінің заңды күшіне енуін күтіп, қажетті құжаттарды тапсыруы керек.

"Пара алу, бопсалау немесе басқа да заң бұзушылық туралы хабар бердіңіз делік. Факт расталып, сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енуі керек. Содан кейін өтініш, жеке куәлік және теңгедегі банк шоты туралы анықтама тапсырылады. ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің комиссиясы өтінішті 15 жұмыс күніне дейін қарайды. Ақша бұйрық шыққаннан кейін бір ай ішінде шотыңызға аударылады", – деп түсіндірді ведомство.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!