Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімі анықталды
© Сурет: olympic.kz
6-12 желтоқсан аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін IA дивизионындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл тізімге төменде көрсетілген хоккейшілер кірді.
Қақпашылар: Леонид Кравцов, Артемий Пермяков (екеуі де – "Барыс" ЖХК), Кирилл Мыльников, Дмитрий Ряшин (екеуі де – "Снежные барсы"), Рахымбек Рахымжан ("Скрэнтон Найтс", NCDC);
Қорғаушылар: Дамир Бритиков ("Барыс"), Артем Гасников, Санжар Ибрагим, Никита Ломако, Расул Турсынов, Дархан Хафаров, Спартак Чукреев (барлығы – "Снежные барсы"), Мажит Имашев ("Бостон Рейнджерс", NCDC), Святослав Евплов ("Спартак" ЖХК), Руслан Түсіпбеков ("Номад");
Шабуылшылар: Владислав Ануфриев, Таир Бигаринов, Егор Баланчик, Илья Громов, Аристарх Киреев, Михаил Коленко, Егор Кравченко, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Жахангер Тілеухан, Матвей Умеренков (барлығы – "Снежные барсы"), Артур Глухих ("Торпедо"), Корней Корнеев ("Блейнвиль-Буазбрианд Армада"), Русланбек Карим ("Коннектикут Чифс"), Бексұлтан Мақыш ("Флинт Файрбердс", OHL), Әлішер Сәркенов ("Принс-Альберт Рейдерз", WHL), Александр Симахин ("Номад").
Ұлттық құрама В тобында өнер көрсетеді. Сондай-ақ бұл топта Словения, Украина және Дания бар.
Айта кетейік, қазақстандық хоккейшілер алғашқы ойынын 6 желтоқсанда Словенияға қарсы өткізеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:00, 27 қараша 2026
Конференция лигасының төртінші турында «Қайрат» нешінші орынға жайғасты
-
18:35, 26 қараша 2026
Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
-
17:38, 26 қараша 2026
Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады
-
15:22, 26 қараша 2026
Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа Ұлттық олимпиада комитетінің ең жоғары наградасын табыстады
-
22:59, 25 қараша 2026
Қазақстан таеквондодан (WT) әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды





