Алматыда қоқыс арасынан аңшы мылтығына ұқсас зат табылды

15:32, 27 қараша 2026
MKZ: 1580109

© Фото: Zakon.kz

Алматының Алатау ауданындағы қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорнының қызметкері қоқысты сұрыптау кезінде аңшы мылтығына ұқсас затты байқап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қарудың бөлшектелген күйде табылғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл – 12-калибрлі аңшы мылтығы.

Кәсіпорын қызметкерлері табылған зат туралы бірден полицияға хабарлаған. Оқиға орнына "Буран-129" патрульдік экипажы келген. Кейін Алатау аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы іске кіріскен.

Полиция табылған затты алып, сот-баллистикалық сараптамаға жіберді. Сарапшылар қарудың шығу тегін, кімге тиесілі екенін және техникалық жай-күйін анықтайды. Сондай-ақ оның қылмыс жасау кезінде қолданылған-қолданылмағанын тексереді.

Бұған дейін Алматы метросында автоматтың оқжатарын алып жүрген жігіттің ұсталғанын хабарлаған едік. Оқжатар оққа толы болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!