Атырау облысында жол-көлік оқиғасы жиі тіркелетін қауіпті учаскелер аталды
© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Атырау облысының полиция департаменті үй жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін қауіпті учаскелерді атады. Полиция жүргізушілерді жолда ерекше сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері Атырау облысында малдың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Құрманғазы, Исатай және Мақат аудандарының автомобиль жолдары, сондай-ақ Сағыз және Доссор елді мекендерінің маңындағы учаскелер ерекше қауіп төндіреді.
Атап айтқанда, Атырау – Астрахань тасжолының мына учаскелерінде малдың жолға шығу қаупі жоғары:
- 635-шақырым – Байшақа ауылы;
- 673-шақырым – Х. Ерғалиев ауылы;
- 710-шақырым – Жаңаталап ауылы;
- 775-шақырым – Зинеден ауылы;
- 797-шақырым – Құрманғазы ауданының шекарасы;
- 820-шақырым – №8 разъезд маңы;
- 879-шақырым – Күйген ауылы.
Қауіпті учаскелерге 72 ескерту белгісі орнатылған. Оның 50-і облыстық, 22-сі республикалық маңызы бар жолдарға қойылды. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін үй жануарларына жарық шағылыстыратын таспалар тағу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Атырау облысының полиция департаменті шаруа қожалықтарының өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесіп, мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Оларға үй жануарларын бақылауда ұстау және олардың жолға шығуына жол бермеу қажеттігі ескертіледі.
Сондай-ақ жол бойындағы дәмханаларға, мейрамханаларға және басқа да нысандарға арнайы QR-кодтар орналастырылған. Жүргізушілер оларды сканерлеу арқылы қауіпті жол учаскелері мен сақтық шаралары туралы ақпарат ала алады.
Полиция жүргізушілерге елді мекендер мен мал жайылатын жерлерге жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, жол жиегіне назар аударуды ескертті. Жолда жануарлар пайда болса, жылдамдықты біртіндеп азайтып, күрт маневр жасамау қажет.
Ал мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмай, олардың автомобиль жолдарына шығуына жол бермеу керектігі ескертілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:53, 26 қараша 2026
Қазақстандықтарға жемқорлық туралы хабарлағаны үшін ақша төленеді
-
20:47, 26 қараша 2026
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады
-
20:15, 26 қараша 2026
Қар, жаңбыр және көктайғақ: жұмада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 26 қараша 2026
Екі облыстағы жолдарда қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
-
19:33, 26 қараша 2026
Қазақмысқа жұмысқа орналастырамын деп ақша алған үш дерек анықталды





