Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады

17:38, 26 қараша 2026
MKZ: 1579921

© Сурет: IJF

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан кадеттер арасында Гран-при кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың соңғы күні 90 келіден жоғары салмақта Ердәулет Жұмабай финалға дейін жетіп, қарсыласына жол берді. Нәтижесінде отандасымыз күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады. Бұған дейін Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) үшінші орын алды.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!