Астанадағы қарақшылық шабуылға күдікті 10 жылдан кейін Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды

15:15, 27 қараша 2026
MKZ: 1580107

© Фото: Zakon.kz

Астанада қарақшылық шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен 10 жыл бойы іздеуде болған шетелдік Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы 2026 жылғы 27 қарашада ҚР Бас прокуратурасы Zakon.kz-ке хабарлады.

Бас прокуратура қызметкерлері операцияны ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолдауымен жүргізген.

Тергеу дерегінше, 10 жыл бұрын күдікті мен оның екі сыбайласы алдын ала бетперде мен қолғап дайындап, жәбірленушінің үйіне терезеден кірген. Олар үй иесіне күш қолданып, оны пышақпен жаралаған. Содан кейін ақша, зергерлік бұйымдар мен электронды құрылғыларды ұрлап кеткен.

Шабуылға қатысқандардың бірі көп ұзамай ұсталып, кейін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Қалған екеуі тергеуден бой тасалаған соң, оларға халықаралық іздеу жарияланған.

Іздеуде жүргендердің бірі Мадридте ұсталды. ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды.

"Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

12 қарашада Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны және жеңгетайлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Өзбекстан азаматшасының Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланғанын хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!