Маңғыстау облысында 140 оқушы уланып қалды: не белгілі

13:50, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: instagram.com/amankos_tlektes

Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы мектепте оқушылар жаппай уланып қалды. Медициналық көмекке 140 бала жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір емханада 82 бала ем алып жатыр. Тағы 43 мектеп оқушысы үйде, 16 бала ауруханада жатыр, деп жазды lada.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу мекемелерінің төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті екенін, толыққанды жедел жәрдем бригадалары халыққа қызмет көрсететінін айтты.

Облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева улану фактісі бойынша жедел жұмыс тобы құрылып, қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұл мәселе облыс әкімінің бақылауында:

Қазіргі уақытта барлық құзырлы орган жұмыстарын істеп жатыр, тексеру жұмыстары басталды, қорытындысы бойынша заңды шаралар қабылданады.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асылбек Шаровтың айтуынша, асханада сегіз қызметкер жұмыс істейді, олар да барлық қажетті анализдерді тапсырған.

Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан жарақат алған балалармен де психологтар жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің асханасында 1-4 сынып оқушыларының жаппай уланғаны белгілі болды. Балаларының дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құса бастаған соң ата-аналар арызданған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!