Мақпал Исабекова екінші рет ана атанды

14:31, 7 шілде 2024

© Сурет: instagram.com/makosyai

Әнші Мақпал Исабекова екінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

"Сәлем, Әлем! Альхамдулиллях, қызымыз дүниеге келді. Аллаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын", - деп жазды Мақпал Исабекова.

Әншінің әріптестері мен оқырмандары оған құтты болсын айтып жатыр:

  • "Бауы берік болсын";
  • "Бауы берік болсын! Өзіңе құрбы , қолғанат, дос болсын!!!";
  • "Халықтың қызы болайын деп тұр ғой, қолымен Сәлем беріп тұрған! Бауы берік болсын!"

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!